back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің "Амангелді жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің "Амангелді жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
"Ақынмен өткен әсерлі кеш"
04-12-2023 10:55

"Ақынмен өткен әсерлі кеш"
Қараша айының 28 жұлдызы күні Қарақұдық, ауылдық кітапханасында "Өнегелі өмір" жобасы аясында мектеп оқушыларын жетістік пен табысқа жеткен тәлімді адамдармен кездесу мақсатында Амангелді жалпы білім беретін мекемесімен мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қаракұдық, ауылының тумасы,
айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент, Қарағанды облыстық, маслихатының депутаты
Жумагулов Айтбай Ботпайұлымен кездесу өтті. Ақынға
арнап "Өленмен өрге өрлеген Айтбай акын!" атты
көрме ақпарат, "Ақын - ақиқаттың айнасы" атты фото көрме дайындалып насихатталды. Шараға Амангелді жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары мен жтоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Алдымен Айтбай Ботпайұлы өзі жайында біраз мәліметтер беріп, қатысып отырған жасөспірімдерге ақыл-кеңестерін
айтты. Кездесу барысында оқушылар акынға көңілдерінде жүрген көкейтесті сұрактарын қойып, мардымды да көңілге қонымды, толыққанды жауаптарын алды. Айтбай ақын кездесу барысында
сұрактарға жауап беріп қана қоймай, өмірдегі жинаған тәжірибесіне сүйеніп, өмірге деген көзқарасын
оқушыларға әзіл-қалжыңы аралас ақылын айта отырып, емен-жаркын сұхбат берді.

Новости