"Отбасындағы ортақ тіл: Зорлық -зомбылықсыз әлем"
«Амангелді ЖББМ» КММ-де "Отбасындағы ортақ тіл: Зорлық -зомбылықсыз әлем" тақырыбында 6-сынып оқушыларының қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, білім алушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами құндылықтарын сақтауға, әдепті де, тәртіпті болуға тәрбиелеу.