Мектебімізде дублёр күні өтті. 8-9 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды. Олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Таңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады. Оқушылар осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты. Мектепте тәртіп биік деңгейде болды. Дублёр күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды сезіне алады. Күн қорытындысы бойынша дублёр болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірімен бөлісіп және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.
"Ұстаздар күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар