Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау.
Құжаттар бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін қабылданады. Білім беру ұйымдары ағымдағы күнтізбелік жылда алты жастағы балаларды және алты жасқа толған балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
- Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сенімсіздігін анықтау;
- Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы No 546 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- Сынып бөлмелерінің толып кетуі.