back-image
"Үштөбе тірек мектебі (Ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Үштөбе тірек мектебі (Ресурстық орталық)" КММ
Білім күні!
04-09-2024 12:31
Білім күні!

Бүгін - білім күні! Ата-ана, оқушылар мен ұстаздар үшін ерекше күн! Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің өміріндегі маңызды сәт. Биыл 1 сыныпқа 73 оқушы қабылданды. Балалықпен қош айтысып, тәлім-тәрбие алып біліммен сусындауға келген оқушыларға мектеп алаңында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Осындай айтулы сәттің куәгері болуға Өрлеу” біліктіліктті арттыру ҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы  Шадетова Алтынгүл Кенесовна және ауылымыздың әкімі Копбаева Әлем Қайырдановна келіп, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. Ән айтып, би билеп, алғашқы қоңырау үнімен бүлдіршіндеріміз мектеп табылдырығын аттады. 
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы берекелі болсын!

Новости