19.01.2024ж "Заречный ЖББМ"КММ-де 5-сынып оқушысы Сардаш Алдиардың әжесі Шайжамал апайдың қазақ ұлтының ұмыт болған тағамдарының бірі «Қарын бөртпе» тағамын пісірді. Тағамның құрамына ет, картоп, сәбіз, пияз қосып пісірген. Ұлттық асханамыз ұзақ ғасырлар бойы қалыптасып, бастауын Қазақ сахарасында сая тауып, сырқыраған аязына, қапырық ыстығына жақсы бейімделген ежелгі ру-тайпалардың өмірі мен тәжірибесінен алған.
Ұлттық тағамдарымыз ақ дастарханымыздан үзілмесін.
Сынып жетекшісі: Абдимбекова З. Е.
«Қарын бөртпе»