back-image
Заречный жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Заречный жалпы білім беретін мектебі" КММ
« Менің өмірімдегі математика»
23-01-2024 11:19
« Менің өмірімдегі математика»

2024 жылдың 24 қаңтарында «Заречный ЖББМ» КММ-де « Менің өмірімдегі математика» атты шығармашылық жұмыстар байқауы 8-9 сынып оқушыларының арасында өтті. Мақсаты: математиканың адам өмірімен тығыз байланыста екендігіне көз жеткізу, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Математика – менің өмірім. Математика ғылымы өмірмен байланыста қиын және өте қызық пән екендігімен ерекше. Мақсатқа жетудің әрқашан бірнеше жолы болады, бірақ тек бір жолды – ең жақсысын, ең сәттісін, ең оңтайлысын таңдай білген жөн. Қайда болмасын сандармен кездесеміз. Мысалы: сабақ кестесінде, асханада, дүкенде, аялдамада….т.б. Дүкенге барғанда біз ойша қанша жұмсағанымызды және дүкеншінің бізге қанша қайтаратынын есептеп тұрамыз. Математика біздің өмірімізді тәртіпке келтіреді.
Осындай шығармашылық жұмысты 8 сынып оқушылары Шайбек Айсәулем мен Біргебай Зейнеп орындады. Олар математиканың асханамен тығыз байланысын көрсете білді. Күнделікті отбасында өздері пісіріп жүрген «сметанник» пирогын дайындады.
Асханада қандай тамақты дайындамас бұрын ең алдымен рецепт дайындап аламыз. Асты дайындау үшін мөлшері бар. Қажетті тағамды өлшеу үшін көлем мен салмағын білу керек. Айсәулем мен Зейнептің пісірген пирогы өте дәмді шықты.

Новости