back-image
Заречный жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Заречный жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді»
27-01-2024 09:18
«Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді»

2024 жылдың 26 қаңтар күні «Заречный ЖББМ» КММ-де математикалық сауаттылық апталық барысының соңғы күнінде мектебіміздің АӘД пәнінің жетекшісі Қ.Қ .Қалымтаев пен әлеуметік педагог А.М. Габитова логикалық және математикалық ойындар сайысы желісінде дойбы мен шахматтан 5-7 сынып оқушылары арасында сайыс өткізді. .
Мақсаты: шахмат ойынының шығу тарихы мен фигуралардың атауларын, олардың жүру тәртібін білу. Шахмат ойынындағы басты фигура корольге әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, мат қоя білу.
Шахмат ойынын үйрету барысында оқушылар бойында стратегиялық жоспарды тактикалық тәсілдермен дамытудың тиімділігін арттыру.

Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл- ой дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қоя білу қабілетін дамытуға көмектеседі. «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді». Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек.
Сайыс қортындысы бойынша жеңіске жеткен оқушылар апталық соңында марапатталады.

Новости