25.01.2024 жылы “Заречный ЖББМ” КММ-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп психологы Л.Ж.Тлеубаева ата-аналарға психологиялық көңіл-күй тренингін өткізді. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Үштөбе ауылдық округінің инспекторы Супиянов Нурлан Умияшович тәртіп бұзушылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы,сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу,электронды сигарет туралы заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры м.а.Г.Д.Тусупбекова бірінші жартыжылдық бойынша білім сапасы мен мектеп оқушыларының жетістіктерін атап өтті.Тәрбие жұмысы орынбасары Г.А.Жаксылыкова мектептің ішкі тәртібіне тоқталып өтті.Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ата-аналарды қолдау орталығы жұмыс жасайтынын атап өтті.Әлеуметтік педагог А.М.Габитова “Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі” тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді. Соңында әртүрлі мәселелер талқыланды.
“Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі”