“Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі”
25 қыркүйек күні мектебімізде балалардың қауіпсіздігіне арналған “Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі” тақырыбында 1-9 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз козғалды.
Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар берілді. Олардың ішінде - баланың, мінез-құлқын бақылау, әлеуметтік желілердегі белсенділік мониторингі, мектеп ортасындағы құрдастарымен карым-катынасы кіреді. Бұдан бөлек,
баламен тұрақты қарым-қатынас жасаудың, ашық
диалог үшін сенімді орта кұрудың және ата-аналардың баласының өміріне ұдайы қатысуының маныздылығы атап айтылды.
Мектеп психологы: Жабай Н.М.