back-image
Ақжар негізгі орта мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Ақжар негізгі орта мектебі
“Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі”
01-10-2024 19:13
 “Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі”
25 қыркүйек күні мектебімізде балалардың қауіпсіздігіне арналған “Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі”  тақырыбында  1-9 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз козғалды.
Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар берілді. Олардың ішінде - баланың, мінез-құлқын бақылау, әлеуметтік желілердегі белсенділік мониторингі, мектеп ортасындағы құрдастарымен карым-катынасы кіреді. Бұдан бөлек,
баламен тұрақты қарым-қатынас жасаудың, ашық
диалог үшін сенімді орта кұрудың және ата-аналардың баласының өміріне ұдайы қатысуының маныздылығы атап айтылды.
Мектеп психологы: Жабай Н.М.
Новости