back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Менің отбасым және кітап
19-01-2024 10:29
Менің отбасым және кітап
Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде 19 қаңтар күні “Оқу сауаттылығы” апталығында 5-7-сыныптар арасында “Менің отбасым және кітап” атты фотогалерея ұйымдастырылды. Галерея арқылы білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсаты көзделді.Мектеп ұстазы А.Жунусованың жетекшілігімен өткен іс шарада білім алушылардың шығармашылық жұмыстары таныстырылды.
Сонымен бірге, 8-сынып білім алушылармен мектеп кітапханасында “Кітап -өмір ұстазы” тақырыбында буккросинг іс-шарасы өтті. Балалар өздері оқыған кітаптары жөнінде пікір алмасып, бір-бірімен кітап алмасты. Кітапханашы Сламбекова Гүлдана апайлары жаңа кітаптармен таныстырды.Кітап алмастыру акциясы мектеп ұстазы И.Асанованың ұйымдастыруымен өтті.
Новости