back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Қарқаралы №1мектеп Мерей той 90 жыл
11-03-2024 17:40
Қарқаралы №1мектеп Мерей той 90 жыл
Аяулы да ардақты мекеніміз Қарқаралы қаласының іргелі білім ошағы ,академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі есігін айқара ашып, жас өрендерге білім мен тәлім беріп келе жатқанына биыл 90 жыл толғалы отыр. Бір ғасырға жуық кезеңде  мектебіміз  барлық рухани өркениеттің ошағы болды.  Білім ұясы – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызып, тұлғаның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын білім ордасы болып қалыптасып,талай ұрпақты өмір атты белеске жетелеп ,биіктерге қанат қақтырды.
 Қазіргі таңда мектебімізде жалпы 912 білім алушы тиянақты білім мен тағылымды тәрбие алуда. Педагогикалық ұжым  білімі мен біліктілігі сай 80 мұғалімнен құрылған. Оның ішінде біліктілік санаты бойынша 1 педагог-шебер, 18 педагог-зерттеуші, 18 педагог-сарапшы,  17 педагог-модератор, 23 педагог санатындағы, 3 педагог-тағылымдамашы санатындағы ұстаздар қызмет атқарады. Білім беру мен ұрпақ тәрбиелеуде ерекше еңбегі бағаланған  бір ұстазымыз  «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері болды. Балаларға сапалы білім беру үшін  45 оқу кабинеті заман талабына сай жабдықталған, оның ішінде 3 компьютерлік сынып бар, ал,оқу  үрдісінде  54 компьютер қолданылады. Ғаламтор арқылы спутниктік жүйеге 64 компьютер қосылған. 2 мультимедиалық кабинет, 2 интербелсенді тақта, жұмыс жасайды. Білім алушылардың белсенділігі мен салауаттылығын қамтамасыз ету үшін 2 спорт зал, хоккей ойнауға арналған корт, әдістемелік, дәрігерлік кабинеттер, кітапхана, оқу залы, асхана, психолог, логопед кабинеттері жемісті жұмыс атқаруда.  Сонымен қатар, арнайы пәнге қатысты құрал жабдықталған  физика, химия кабинеттері және «Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі»  ордені, Крупская атындағы медальдің игері, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім Мекебай Жазыбаевтың бастауыш сыныпқа арналған,  Ұлы Отан соғысының ардагері, мектептің алғашқы түлегі, Халық ағарту ісінің үздігі, Еңбек ардагері Ділдабеков Айтбай Ділдәбекұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеті және Қазақстан республикасы  білім беру  ісінің озық қызметкері, химия-биология пәні мұғалімі болып қызмет атқарған Күләнда Нұрболова-Шаекинаның  атындағы биология пәні кабинеті, Халық жазушысы ,жерлесіміз Ғабдиман Игенсартов атындағы заманауи  IT  кабинеті  жас ұрпақтың игілігіне қызмет етуде.
 Әр жыл сайын қанаты қатайған түлектерін ұясынан ұшырып,еліміздің болашағын, жас ұрпақтарын біліммен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіретін мектебіміздің, алтын ұямыздың мерейі әрдайым үстем болсын.                                                                                                                           #Қарқаралы1мектепмерейтой90жыл
Новости