back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
ЖОО - на онлайн саяхат
24-01-2024 16:29
 ЖОО - на онлайн саяхат
2024 жылдың 24 - қаңтары күні  «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» тақырыбындағы математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сай Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебінде 10-11 сыныптарға ЖОО - на онлайн саяхат өткізілді. Бұл шараға  Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің "Физика және химия "кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымының магистрі Акимбеков Ерлан Төлеуұлы,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Механика, математика" кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты  Тлеулесова Ағила Балтабайқызы, Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің "Өндірістік процестерді автоматтандыру" кафедрасының аға оқытушысы Сүндет Гамзат Ернатұлы қатысып, оқушыларға оқу орыны жайлы мағлұматтар берді және оқушылар қойған сұрақтарына  жауап алды.
Осы шараны математика пәні мұғалімдері Г.Н.Омарбекова, Г.Т.Таттымбетова ұйымдастырып өткізді. Аталған университеттердің ұстаздарына рақметімізді айтамызІ  #математикалық сауаттылық2024
Новости