back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Өнегелі өмір жобасы аясында
24-01-2024 11:14
Өнегелі өмір жобасы аясында
«Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталығының 24.01.2024 жылы Қарқаралы қаласы академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебінде математика саласында жоғары сынып оқушыларымен "Өнегелі өмір жобасы аясында" кездесу өтті. Кездесуге жоғары сыныпта математика пәнінен озат оқушылар: Құсайын А., Серікжан І., Мұратова Ж., Оразбай Н. шақырылды. Оқушылар математика пәнінің өмірде қажет екеніне тоқталып, пәнді сүйіп оқып, формулаларға көңіл бөліп, есеп шығаруда қолдана білулерін білім алушыларға жеткізе білді. Кездесу өте тартымды өтті.  4-сынып оқушылары дайындап әкелген  сұрақтарына  қызығушылықпен жауап беріп,  тапсырмаларды мұқият орындады. Кездесуді 4 сынып мұғалімдері Сибакова Н.Т., Омарова К.Б., Таласбаева М.Н., Амрина М.Б. ұйымдастырды. #математикабастауыш-2024
Новости