back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының қорытындысы
12-02-2024 18:55
 «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының қорытындысы

Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 05-09 ақпаны аралығында  «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы өтті. Қарқаралы қаласындағы академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде 2-11 сыныптарға арналып, іс-шаралар жоспарланып жүргізілді. Жоспарға сай білім алушыларымыздың күнделікті өмірде, оқуда және әртүрлі қызмет түрлерінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға,  дамытуға бағытталған әр түрлі іс-шаралар өткізілді. 12 ақпан күні осы апталықтың қорытындысы шығарылып, саптық жиында белсенділік танытқан, жүзден жүйрік шыққан білім алушылар марапатталды.                                                                                             #obb_qaraganda#umckr

Новости