back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
"Физикалық модель"
09-04-2024 10:31
Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде "Ғылым және технология " жаратылыстану- ғылыми сауаттылық апталығының аясында, сәуір айының 9 күні   10-11 сынып білім алушыларымен  "Физикалық модель " тақырыбында  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және көрсетуге жағдай жасау  мақсатында  қолданбалы жобалар байқауы өткізілді. Білім алушылар тақырып мазмұнын ашуда  қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін ортаға салды.
Байқауға 11б сынып білім алушысы Қозытай Аяулым "Диффузияның адам өміріндегі маңызы", 10а сынып білім алушылары  Сьезбек Айару, Марат Ислам "Плазмалық шам", 10а сынып оқушысы Есова Нұрай "Гидравикалық машина макеті", 10ә сынып оқушысы Темірхан Айсұлу" Есептер шығаруда термодинамикалық параметрлерді жүйелі, тиімді " қолдану тақырыптарымен жұмыстарын көрсетті. Ұйымдастырушы физика пәні мұғалімі К.С. Смагулова                                                               #қарқаралы1мектепмерейтой90жыл
Новости