back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
«Цифрлық платформа қолдану – білім берудің тиімді тәсілі электронды оқулық TopIQ платформасы» атты ақпараттық семинар
01-04-2024 10:38
«Цифрлық платформа қолдану – білім берудің тиімді тәсілі электронды оқулық TopIQ платформасы» атты ақпараттық семинар

Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде  TopIQ платформасы мен жұмыс жүргізу туралы жыл басында педагогикалық кеңесте ақпараттық мәлімет берілді. Сонымен қатар, ақпан айында «Цифрлық платформа қолдану – білім берудің тиімді тәсілі электронды оқулық TopIQ платформасы» атты ақпараттық семинар өтті. Мектеп ұстаздарына электронды оқулықпен жұмыс жасау алгоритмі түсіндірілді. Семинар барысында, платформаны қолданбас бұрын алдын – ала ұстаздарға TopIQ платформасына тіркелгендігі жайлы логин мен құпия сөздері табысталды. Платформаның «Кітапхана» қоры, «Журнал», «Тапсырма тағайындау», «Бейне нұсқаулықтар», «Көмек», «Оқушылар» сияқты кірме терезелермен қалай жұмыс атқарылатындығы туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, платформада практикалық жұмыстар жүргізе  отырып, әр сыныптың кітапхана қорын ашып, тапсырмалардың орындалуы көрсетілді.

Новости