back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
"Судың пайдасы және оның қасиеттері"
09-04-2024 16:58
Қарқаралы қаласы академик Орынбек Жәутіков атындағы 1 ЖББ мектебінің 1а сынып жетекшісі Г.Е.Сатжанова "Ғылым және технология" жаратылыстану- ғылыми сауаттылығы апталығында  "Судың пайдасы және оның қасиеттері" тақырыбында тәжірибелік-зерттеу сабағын өткізді. Мақсаты: оқушыларға сарамандық жұмыс жасаудың алғы шартын үйретіп, зертханалық жұмыс жүргізу арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. 
Сабақ басынан оқушылар бақылауға, ізденуге, зерттеуге берілген суреттерді қарап, бүгінгі жұмыс түрін анықтады. Қауіпсіздік ережелерін қайталап, тәжірибе жасауға арналған алжапқыштарын киді. Су туралы жұмбақ шешіп, пайдасын сұрақ- жауап әдісімен анықтады. Судың иіссіз, дәмсіз, түссіз, пішінсіз екенін, судың жеңілді көтеріп, ауырды батыратынын тәжірибе жасап анықтады. Тұз қосылған судың тығыздығы артып, денені батырмайтынына көздері жетті. Қайсар,  Инсар,  Адай,  Дарын,  Альмира,  Інжу, Әбілмансұр, Асхат, Мөлдір есімді оқушылар бүгінгі тәжірибелік сабақтың ұнағанын айтып, өмірмен байланыстырып, тұщы суда шомылу ащы суда шомылуға қарағанда қауіпсіз екенін, яғни, батырмайтынын атап өтіп, физикамен байланысты екен деп, әдемі кері байланыс жасады. 
 Мектебіміздің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген тәжірибелік сабақ оқушылардың көңілінен шығып, үлкен әсер алды.                                                                                                                         #Қарқаралы1мектепмерейтой90жыл
Новости