Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай ұйымдар арасында шағын футболдан сайыс өтті.
Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай ұйымдар арасында шағын футболдан сайыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов сөз сөйлеп, облыстық спартакиадаларда жүлделі орындарға ие болған спортшыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтарды табыс етті.
Ала доп ойынында сегіз команда бақ сынаған. Спорттық дода тартысты өрбіді. Нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі(РО) 1 - орынға иеленді.