РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПШІЛІК КЕЗЕҢІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПШІЛІК КЕЗЕҢІ
“Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) “ КММ 2023 жылдың 9 қараша күні математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, оқыту орыс сыныбындағы қазақ тілі, оқыту қазақ сыныбындағы орыс т ілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы,химия, биология, география пәндерінен 5-11 сынып оқушылары арасында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимпиада мақсаты: дарынды оқушылардың интеллектуалды-шығармашылық деңгейін көтеру, сапалы білім алуға қызығушылығын арттыру және аудандық пәндер олимпиадасына құрама команда құру көзделеді. Барлығы 147 оқушы қатысты. Мектепшілік олимпиаданың әр пәнінен әр сынып бойынша 1 орын жүлдегерлері аудандық кезеңге қатысады. Олимпиадаға қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!





