Бүркіт Ысқақұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілет, эстетикалық талғам, табиғи дарынға ие тума таланттарды анықтау үшін ғасырдан ғасырға жалғасып жатқан халқымыздың рухани байлығын, мерейін өсіру үшін жан аямай еңбек етіп, халқы мен елінің алдындағы перзенттік парызын айқын да анық түсінген ұлт қайраткері, туған елінің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірін аңсап, шешендіктің айнымас үлгісі болған арысымыздың азаматтық-қайраткерлік қырын таныту мақсатында мектепішілік «Бүркіт оқулары» байқауын қараша айының 16-жұлдызында өткіздік. Байқауға 3-4- сыныптардан 14 оқушы, 5-11 сыныптардан - 29 оқушы қатысты. Барлық қатысушылардың саны 45 оқушы, оның ішінде 21 оқушы жүлделі орындарға ие болды.