20 қараша күні, өңірлерде ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы болды.

20 қараша күні, өңірлерде ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы болды.
Олимпиаданың мақсаты-ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру,неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардық зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 13 пәннен өтеді.
Оған еліміздің шалғай аудандарынан 9-11 сынып оқушылары қатысады. Нұра ауданы бойынша олимпиадаға 237 оқушы тіркеліп, білім додасында өз бақтарын сынамақ.
Нұра ауданы білім бөлімінің басшысы А.М.Есмағанбетов олимпиадаға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.





