back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
"Ер қанаты - ат"
08-01-2024 08:57

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын келешек ұрпақтың бойына дарыту мақсатында мектебімізде 8-сыныптың ер балаларымен "Ер қанаты - ат" тақырыбында тәрбиелік кездесу өткізілді. Бұл кездесуге мектебіміздің "Аталар мектебінің" мүшесі Тусупбеков Қоянбай атамыз қатысып, балаларға қазақтың 7 қазынасының бірі, төрт түлік малдың киелісі - жылқы малы жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Балалар жылқы туралы білгісі келген сұрақтарын қойды, ақсақал мағыналы да түсінікті жауап берді. "Ер қанаты - ат" демекші, балалар да өз кезегінде ақсақалға алғыс ретінде жылқы туралы мақал-мәтел, тақпақ-өлеңдерін жатқа оқыды. Қоянбай ақсақал да балаларға ризашылығын білдіріп, аталық ақ батасын берді.

Новости