back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Дню защиты детей.
01-06-2024 12:34
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Осыған орай Нұра ауданы орталық саябақта Балаларды қорғау күніне орай іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларда «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту, ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Мереке өте жоғары деңгейде өтті. Бірінші бөлімде оқушыларға арналған ертегі кейіпкерлерімен бірге саяхат жасап концерт берілді. Онда флеш моб билеп,ән мен күй орындалды. Келесі бөлімде тақырыптық суреттер бауқауы болды.Келесі соңғы бөлімде әр түрлі нейро және интеллектуалдық ойындар ойнап, аквагрим салынып, оқушыларға арналған қалашықтарда мамандармен қызықты шаралар өтті. Мерекенің соңында оқушыларға керемкттей жаздық демалыс орындарына жолдамалар сыйлыққа табысталды.Ал суреттер байқауынан орын алған оқушыларға бағалы сый-сияпаттар берілді.
Новости