Тілдер күніне орай «Тіл –достықтың дәнекері» тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ болып өтті. Мақсаты – жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларында патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру. Аты аңызға айналған батыр атамыз Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда «Анамыздың ақ сүтімен дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту» дегенді жас ұрпақ санасына бекіту. Сондай-ақ олардың Қазақстан халықтары тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан жерінде тұратын халықтарының тілдеріне құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.