back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
ҚАРТТАР КҮНІ: ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚҚАН АРДАГЕРЛЕРІМІЗГЕ ҚҰРМЕТ
02-10-2024 12:18
ҚАРТТАР КҮНІ: ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚҚАН АРДАГЕРЛЕРІМІЗГЕ ҚҰРМЕТ
1 қазан — Қарттар күні мерекесіне орай әріптестеріміз зейнетке шыққан ардагерлерімізге арнайы барып, сый-сияпаттарын ұсынып қайтты. Бұл күн ардагерлерімізге деген ерекше алғысымыз бен құрметімізді білдіретін маңызды шараға айналды.
Зейнеткер ұстаздарымыз – мектеп тарихының бір бөлшегі, ұрпаққа білім мен тәрбие берген ерен еңбектің иелері. Олардың маңдай тері мен білімі қазіргі оқушыларымыздың жетістіктерінде көрініс тауып отыр. Сондықтан да Қарттар күні – ардагер ұстаздарға деген алғысымызды білдіріп, оларға қамқорлық танытатын күн.
Әріптестеріміз ардагерлерімізге жылы лебіздерін білдіріп, мектепте болып жатқан жаңалықтармен бөлісті. Ардагер ұстаздарымыз мектеп өміріне деген сағыныштарын жеткізіп, қазіргі жас буынға сәттілік тіледі.
Зейнетке шыққан ұстаздарымыздың жүрегіне қуаныш сыйлап, оларға көрсетілген құрмет арта бермек.
Ұстаздық жолы — мәңгілік. Құрметті ардагерлерімізге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
 
Новости