back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Асық ойыны
14-10-2024 09:46
Асық ойыны
Асық ойыны – қазақ ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі. Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланып келеді. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулуға болады.
Осы орайда асық ату мен бес асықтан 2009-2010 және 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық іріктеу ойындары болып өтті.Спорттық шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, облыс көлемінде ұлттық спорт түрі асық ату мен бес асық атуды дамыту болып табылады. Мектебіміздің оқушылары Нұра ауданының атынан қатысып 1 орынды иеленіп тұғырлы жеңіспен дәрежемізді асқақтатып қайтты. Осы орайда ұлттық ойындарын насихаттап,команда оқушыларымен бірталай жұмыс жасап келе жатқан әрі жеңіске жетелеген ардақты жетекшіміз Чутан Арай мұғалімнің еңбегі өте зор демекпіз. Оқушыларымызға алдағы ойындарға тек сәттілік тілейміз
????????
Новости