Тарих апталығының жоспарына сәйкес 09.12.2024 жылы 7 “Ә” сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Гульмамедова Индира Зыкрияновна Шәкен Аймановтың туғанына-110 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру. Қазақ киносының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу. Шәкен Аймановты дарынды актер және шебер режиссер ретінде насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.