Кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілдері оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді….», - деп атап өтті Оқу-ағарту минстрі

Кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілдері оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді….», - деп атап өтті Оқу-ағарту минстрі Ғани Бейсембаев. Біздің колледж екі жылдан бері “Профи боламын”- “Буду профи” жобасын іске асырып келеді. Аталған жобаның мақсаты- мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру. Біздегі мамандықтардың кәсіпорындарыдна жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың еңбектерімен таныстырып, экскурсиялар ұйымдастырамыз. Оқу жылы бойы мектеп оқушылары жеке кесте бойынша біздің шеберханаларға келіп, өз қолдарымен тағам жасайды, колледждің іс- шараларына қатысады. Оқушылар тізімі кәсіби пробалар кезінде жасалады. Бұл- біздің мамандықтарға шынайы қызығу білдірген, бізге оқуға келеміз деген оқушылар. Жыл сайын бұндай балалар саны артып келеді. Оның арасында ауылдардан келетін балалар да жоқ емес. Ер балалар мен қыз балалар саны тең болып тұр қазір. Оқушылардың шамамен 30% мамандық таңдауға ата- аналарының жасап жатқан жұмысы да себеп болған десем артық емес. Қосымша қуантатын жағдай- қазір колледждердің бәрінде қазақ топтарының саны артып келеді! Ұжымның жүйелі түрде атқарып жатқан кәсіби бағдар беру жұмыстарының арқасында қазір студенттердің оқуды тастау, басқа жерге ауысу деген фактілері төмендеп келеді. Кәсіптік- техникалық білім тегін болып, әр оқу бітіруші білім алуға мүмкіндігін жоғалтпай, оқып, экономикамыздың дамуына үлес қосса керемет болар еді!
Қазіргі таңда еңбек адамдарына деген құрмет қайта артып келеді. Өз еңбегінің нәтижесін көріп, мақтан тұту – нағыз еңбек адамның жетістігі.
Еңбек адамы – елдің болашағын қалыптастыратын тұлға. Олар жасайтын әрбір іс қоғамның дамуына үлес қосады.
Кәсіпорындар мен колледждердің ынтымақтастығы арқылы 1 мың мектепте бейіндік сыныптар ашылатынын министр атап өтті. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізілетін болса, біз бұл жобаны қолдауға дайынбыз!