back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Жайлы мектеп»
31-01-2025 10:28
«Жайлы мектеп»
✍️ Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асуы бойынша кеңес өткізді
???? «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы облыс әкімдері орынбасарлары, білім басқармалары басшылары, орталық мемлекеттік органдардың және құрылыс операторы «Samruk Kazyna Construction» АҚ-ның өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды.
???????? Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүруде. Оның аясында 2026 жылға дейін 460 мың оқушы орнына арналған 217 жаңа форматтағы мектеп салу жоспарланған.
???? 2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп салынды. Ұлттық жобаны іске асыру барысында білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне басымдық берілген. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар қарастырылған. Басты талаптардың бірі - қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын күшейту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету.
????Кеңес қорытындысы бойынша министр нысандардың сапалы құрылысын және олардың уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуге тапсырма берді. @oqu_agartu_ministrligi
 
Новости