Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының

12 ақпан күні “Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебінің(РО)” кәсіптік бағдар беру мақсатында « Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының » өкілдері 11-сынып оқушыларымен кездесу жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында «Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының» брошюркалары таратылып , түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі қылмыстық-атқару жүйесі бағыттары бойынша мамандарды даярлау туралы айтылып өтілді.Түсіндіру барсында бұл академияға түсудің ерекшеліктері айтылып өтілді.
Академияда оқудың артықшылықтары:
Жатақханада тегін тұру;
Стипендия алу;
Азық-түлікпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету;
Тегін медициналық қызмет көрсету;
Каникулдық демалыс кезеңінде жол жүру құнын төлеу;
Академияда күндізгі оқу кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне есептеледі;
Түлектерге оқуды аяқтағаннан кейін «Полиция лейтенанты» немесе «Әділет лейтенанты» офицерлік атағы және «Бакалавр» академиялық дәрежесі беріліп, жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.

