28 ақпан күні Нұра ауданының полиция бөлімінде оқу орындарының оқушылары үшін “Ашық есік күні” өтті.

28 ақпан күні Нұра ауданының полиция бөлімінде оқу орындарының оқушылары үшін “Ашық есік күні” өтті. Оқушыларға арнайы құралдар мен қару-жарақтың әртүрлі түрлері көрсетілді, сондай- ақ, полиция бөлімінің қызметімен таныстырылды.
Іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыру және полиция жұмысы туралы таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.