03 - сәуір күні биология, география, химия бірлестігі ұйымдастырған «Білім- болашақтың кілті»

03 - сәуір күні биология, география, химия бірлестігі ұйымдастырған «Білім- болашақтың кілті» атты коучинг өте жоғары деңгейде өтті. Бұл коучинг жаратылыстану ғылымдарының түрлі салалары бойынша кәсіби білімін тереңдетіп, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды үйренуге арналған. Іс-шара барысында қатысушылар ғылым мен тәжірибенің бірлігін, жаңа әдістер мен технологияларды қолдану арқылы өздерінің кәсіби шеберліктерін арттырды. Коучингке қатысушылар топтық жұмыс түрлерінде өзара тәжірибе алмасып, ғылыми зерттеулер мен жобаларды жүргізу процесінде тиімді тәсілдер мен құралдарды қолдануды үйренді. Сонымен қатар, коучингте өз-өзіне сенімділікті арттыру, шығармашылық ойлау мен командада жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.@oqu_agartu_ministrligi

