back-image
КГУ "Опорная школа им. Ыбырая Алтынсарина (ресурсный центр)"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Опорная школа им. Ыбырая Алтынсарина (ресурсный центр)"
2025 жылдың көктемінде Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) КММ-де дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
27-05-2025 09:59
2025 жылдың көктемінде Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) КММ-де дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
2025 жылдың көктемінде Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) КММ-де дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл — мектеп қабырғасындағы соңғы сәттерін өткізген жас түлектер үшін ерекше маңызы бар күн.
Биылғы оқу жылын мектеп бойынша 27 түлек аяқтап отыр. Оның ішінде 2 оқушы — «Алтын белгі» иегерлері атануға үміткер. Бұл — білім мен тәрбие берудегі жүйелі жұмыстың, оқушылар мен ұстаздардың үздіксіз ізденісінің жемісі.
Іс-шараның маңызын арттыра түскен жайт — мерекелік жиынға аудан әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбаевичтің арнайы келіп, жас түлектерге жүрекжарды тілегін білдіруі болды. Әкім мырза өз сөзінде білім мен еңбектің қоғамдағы рөлін атап өтіп, мектеп ұжымына алғысын жеткізді.
Салтанатты шара мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен, жылы лебіздермен және соңғы қоңырау үнімен жалғасын тапты. Бұл күн — мектеп тарихында ғана емес, әрбір түлектің жүрегінде ұмытылмас сәт ретінде мәңгі сақталары сөзсіз.@oqu_agartu_ministrligi
 
 
Новости