«Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін»

«Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін» атты кеш қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай және тілдер мерекесінің онкүндігіне орай өткізілді. Кештің басты мақсаты – Абай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, оның даналық ойлары мен асыл өсиеттері арқылы оқушыларды ізгілікке, білімге, адамгершілікке баулу болды.
Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдері мен қарасөздерінен үзінділер оқыды, әндерін орындады, сахналық көріністер қойды. Сонымен қатар, ұстаздық жолда абыроймен еңбек еткен ардагер ұстаздар – Орлов Сергей Петрович пен Ерниязова Ғайша Кашкинбаевнаның өнегелі өмір жолы мен еңбегі дәріптеліп, жастарға үлгі етілді.
Бұл шара Абайдың өлмес мұрасын қастерлеуге, ұрпақ санасына рухани азық беруге және ұстаз еңбегін бағалауға арналды.
