6 “Ә” сыныбында **”Еңбегі адал – жас өрен”** тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

6 “Ә” сыныбында **”Еңбегі адал – жас өрен”** тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға адал еңбек етудің маңызын түсіндіру, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу, болашақта кәсібіне адал болатын тұлға қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, еңбекқор жандардың өмірінен алынған мысалдар келтіріліп, еңбек етудің қоғамдағы рөлі туралы пікірталас ұйымдастырылды.
Сынып сағаты оқушылардың қызығушылығын тудырып, олардың еңбекке деген көзқарастарын кеңейте түсті.


