Кайрберлинова Айгерим Какенқызы – биология пәнінің білікті маманы

Кайрберлинова Айгерим Какенқызы – биология пәнінің білікті маманы, шығармашыл ұстаз, педагог-модератор. Өзінің кәсіби шеберлігі мен білімге деген құштарлығының арқасында аудандық «Жыл мұғалімі – 2025» байқауында І орынға ие болып, биік белесті бағындырды.
Үш кезеңнен мүдірмей өткен ол, терең білімін, педагогикалық әдіс-тәсілдерінің тиімділігін және жаңашыл көзқарасын танытып, өзін биік шыңнан көрсете білді. Айгерим Какенқызы шәкірт жүрегіне білім нұрын себумен қатар, жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың тұлғалық дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Жасампаздықпен еңбек еткен ұстаздың бұл жетістігі – оның кәсіби біліктілігінің, ізденімпаздығының және ұстаздық жолға деген адалдығының айқын дәлелі. @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg #umckrg


