“Мамандық әлемі

“Мамандық әлемі” ісшаралар апталығының аясында, білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында, мектебіміздің 7 “А” сынып оқушылары Нұра ауданы әкімдігінің “ҚАРАТАЛ” КММ-не экскурсияға барып келді. Оқушылар бұл мекемеге танымдық экскурсияға барып, судың тазарту және тарату үдерістерімен танысты. Экскурсия барысында оқушылар ауыз судың қайдан келетінін, тазарту сатыларын, су құбырларының жұмыс істеу принципін және экологиялық маңызын білді. Бұл мекемедегі барлық техникалармен танысып шықты. Мамандар оқушыларға су ресурстарын үнемдеудің қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіріп, су жүйесінің қазіргі заманғы технологияларымен таныстырды. Бұл іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезінуге ықпал етті.


