Республика күнімен және Республикалық Бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдану сәтімен құттықтаймыз!
Мектебімізде айтулы әрі әсерлі шара өтті — оқушыларымыз Республикалық Бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. 
Бұл — өскелең ұрпақтың елжандылыққа, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиеленуінің жарқын көрінісі.
Республика күніне арналған бұл салтанатты сәт жас буынның ел дамуына өз үлесін қосуға ұмтылысын айқындады.
Болашағымыз жарқын, еліміз аман болсын!


