Сәкен оқулары – 2025 2025 жылы Ахметауылы мекенінде С.Сейфуллин атындағы мектеп базасында аудандық «Сәкен оқулары» байқауы өтті
Сәкен оқулары – 2025 
2025 жылы Ахметауылы мекенінде С.Сейфуллин атындағы мектеп базасында аудандық «Сәкен оқулары» байқауы өтті 

Бұл байқаудың мақсаты — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын дәріптеу және жас таланттарды қолдау 
Байқауға қатысқан мектебіміздің 7-сынып оқушысы Амангелді Жантөре өз шығармашылығынан «Сәкен атаға» атты арнауын ұсынып, тамаша өнер көрсетіп, II орын
иеленді! 
Ал 5-сынып оқушысы Құмар Айсара Сәкен Сейфуллин өлеңдерін жатқа айту номинациясы бойынша белсенді қатысып, марапатқа ие болды 

Шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!


