back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Жұмысшы мамандықтар жылын өткізудегі іс-шаралар жоспары аясында кәсіби бағдарлау жұмысын дамыту маңызды рөл атқарады, әсіресе техникалық және кәсіби білім беру саласында.
03-11-2025 15:44
Жұмысшы мамандықтар жылын өткізудегі іс-шаралар жоспары аясында кәсіби бағдарлау жұмысын дамыту маңызды рөл атқарады, әсіресе техникалық және кәсіби білім беру саласында.
Жұмысшы мамандықтар жылын өткізудегі іс-шаралар жоспары аясында кәсіби бағдарлау жұмысын дамыту маңызды рөл атқарады, әсіресе техникалық және кәсіби білім беру саласында. Кәсіптік бағыт бағдар алу мақсатында “Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі(РО) “ КММ-нің 9,11-сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде Болат Әбдікәримов атындағы Нұра көпсалалы колледжіне барып, кәсіптік сынақтарға қатысты. Кәсіби сынақ – бұл оқушының кәсіби өзін-өзі анықтауды жаңарту құралы және колледждің кәсіби бағдарлау жұмысынан бөлінбес бөлігі болып табылады. Кәсіби сынақ барысында оқушыларға колледж туралы, материалдық-техникалық базасы, мамандықтары мен біліктіліктері туралы қажетті барлық ақпараттар берілді, сондай-ақ презентация материалдары мен колледж туралы ақпарат, видеороликтер көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар үшін колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылды, онда олар кабинеттерге, шеберханаларға, теориялық және өндірістік оқыту пәндеріне, сонымен қатар жатақханаға барды. Кәсіби сынақтардың нәтижесінде оқушылар мамандықтар мен біліктіліктер бойынша тәжірибе жинап, өндірістік оқыту шеберханаларымен танысып, алғашқы біліміне ие болды.
 
Новости