2025 жылғы 18 қараша күні Қарағанды облысының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі И.Б. Киселева өз өкілдерімен бірге Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің “Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы” коммунал
2025 жылғы 18 қараша күні Қарағанды облысының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі И.Б. Киселева өз өкілдерімен бірге Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің “Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келіп, оқушылармен күннің екінші жартысында кездесу өткізді. Іс-шара барысында балалардың құқықтары, міндеттері және өз пікірін еркін білдіруі туралы маңызды мәселелер қозғалды. Оқушылар белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Мектебіміздің президенті Серік Аружан атқарылған жұмыстары бойынша өз жұмысын қорғап шықты және алдағы атқарылатын жоспарларды атап өтті.




