back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Мектебімізде жоғары сынып оқушы қыздармен өте маңызды әрі актуалды тақырыпта “Жыныстық сауаттылық және ерте жүктілік” атты ашық отырыс өтті.
22-12-2025 09:05
Мектебімізде жоғары сынып оқушы қыздармен өте маңызды әрі актуалды тақырыпта “Жыныстық сауаттылық және ерте жүктілік” атты ашық отырыс өтті.
Мектебімізде жоғары сынып оқушы қыздармен өте маңызды әрі актуалды тақырыпта “Жыныстық сауаттылық және ерте жүктілік” атты ашық отырыс өтті.
Отырыстың мақсаты:
Бұл кездесудің басты мақсаты – қыздарымыздың болашағын қорғауға бағытталған білімді қаруландыру және жауапкершілікті қалыптастыру.
• Білімді арттыру: Жыныстық денсаулық, қарым-қатынас мәдениеті, контрацепция әдістері және ЖИТС/АИТВ-ның алдын алу туралы ғылыми негізделген ақпарат беру.
• Ерте жүктіліктің алдын алу: Жеткіншек жастағы жүктіліктің медициналық, психологиялық және әлеуметтік салдарын түсіндіру арқылы жауапты шешім қабылдауға үйрету.
• Денсаулыққа жауапкершілік: Әр қыздың өз денесіне, денсаулығына және өміріне қатысты саналы және жауапты таңдау жасауға дағдыландыру.
Отырыс барысында келесі тақырыптар талқыланды:
1. “Жоқ” деу құқығы: Жеке шекараны белгілеу және оны қорғай білу маңыздылығы.
2. Аңыз-әңгімелерді жоққа шығару: Денсаулыққа қатысты жалған ақпараттарды анықтау.
3. Кәсіби көмек: Қажет болған жағдайда дәрігер-гинеколог немесе психологқа жүгінудің маңызы.
Құрметті Нұра ауданының аудандық орталық ауруханнасының СӨС дәрігері Ахмедина Б.С.,а кушер-гинеколог дәрігері Рахимберлинова Ә.Б.,психолог Козодой Н.А. және Нұра ауданының ПБ ҚҚБ ОЗЗЖН аға инспекторы полиция майоры Бейсекеева М.З.! Сіздердің бірлескен күш-жігеріңіздің арқасында қыздарымыз өздерінің денсаулығына, болашағына және өміріне қатысты маңызды ақпарат алып, үлкен саналылық қалыптастырды. Рақмет сіздерге!
#саламатты мектеп#
 
 
Новости