Алғашқы қоңырау
1 қыркүйек 2022 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінде білім күніне арналған мерекелік жиын өтті. Жиынға Нұра кентінің әкімі М.Д.Тұраров, ата-аналар, ардагер ұстаздар, ата-аналар мен мектеп түлектері шақырылды.
Аталмыш шара барысында биылғы жаңа оқу жылы «Балалар жылымен» тұспа –тұс келіп отырғаны туралы жарияланды.
Мектеп директоры К.Д.Жанкуатова мектеп ұжымын, оқушыларды жаңа оқу жылының басталғанын айшықтайтын айрықша мереке – Білім күнімен құттықтап, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тіледі.
Салтанатты жиын барысында Бүркіт Ысқақұлы атындағы аудандық кітапхана меңгерушісі С.С.Жұмабеков ата-аналарды және мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған 1 сынып оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің болашағы – білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екенін айырықша атап өтті.
Шара соңында ата-аналар, ардагер ұстаздар, оқушылар – мектеп ұжымына өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп білім күнімен құттықтау сөздерін жеткізді.
Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу рәсімі мектебіміздің спортшысы , 11-сынып оқушысы Назымбеков Өміртай және мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушысы Думан Айымға беріледі.
Алғашқы қоңырау мерекесі әр сыныпта «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткізілетін алғашқы сабағымен жалғасты.