Оқу жылының алғашқы аптасы М.Жұмабаев атындағы ЖББМ «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясында 5-10 сыныптарда «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Тәрбиеге толы сағатымыздың мақсаты отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру. Аталмыш сынып сағаттары барысында оқушылар ата -анаңның қадірі, әкенің отбасындағы орасан зор орны, ананың шексіз махаббаты, жалпы тәлім -тәрбие жайлы ой қозғап, пікір алмасып, "Үлгілі отбасы" бейнеролигін тамашалады.
«Отбасы – бақыт мекені»