back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Өмір жолы жарқын ұстаздар» айдары
30-09-2022 16:06
«Өмір жолы жарқын ұстаздар» айдары
Ұстаз деген кім? Ұстаз–шәкірттерін білім нәрімен сусындататын керемет жан. Ұстаз болу—екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты. Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. …
Ұстаздар күні қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршінді адам қылып тәрбиелеп, болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға Раушан Кәрімқызы Сұлтанмұратова жайлы сөз қозғалмақ.
Раушан Кәрімқызы Сұлтанмұратова1944-ші желтоқсанда Қарағанды облысы Нұра ауданы, бұрын Энтузиаст ал қазір Ахмет ауылының бөлімшесі Ақтөбе деген шағын ауылында туған. 1951 жылы Жамбыл ауылының бастауыш мектебінде(Майоровка совхозының бөлімшесі) 4 класты бітіріп,5,6,7-кластарды Майоровка (қазір Урожайный) совхозында бітірді. Ал 8,9,10- кластарды Киевка орта мектебінде оқыды. 1961 жылдары Абай атындағы Сарань педучилищесіне түсіп, оны 1964-ші жылы тәмәмдады. 1965-1967 жылдары алғашқы еңбек жолын Энтузиаст 8 жылдық мектебінің ұзартылған күн тобында, одан әрі қарай 1967-1977 жылға дейін тапжылмастан Киевка № 2 орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып еңбек етті. Қазір зейнеткер. Еңбек жолын бастағаннан бастап мектеп аралас, совхоз көлемінде жұмысқа, қоғамдық өмірге белсене араласты. Балалар лагерінде тәрбиеші болу, творчестволық отчеттерге қатысу, кабинетті дидактикалық материалдармен толықтыру, кәсіподақ ұйымымының төрайымы, аудан көлемінде бастауыш класс мұғалімдерінің секция жетекшісі, тағы басқа да қоғамдық жұмыстарды атқарды.Бастауыш кластарға берген білімнің, қоғамдық белсенділігі үшін аудан, облыс көлемінде алғыс хаттар, грамоталар, «Социалистік жарыстағы жеңімпаз» куәлігі, 2 рет тегін жолдама, 1988 жылы Бүкілодақтық білім беру қызметкерлерінің съезіне қатысқан значок,Қазақ ССР «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» деген атаққа ие болды.
Раушан Кәрімқызы мен бастауыш сынып мұғалімі болғаныма мақтана аламын, себебі бұл менің ең бақытты жылдарым деп мақтанышпен еске алады. Мамандыққа деген сүйіспеншілік, мамандыққа деген құрмет осы емес пе!
Новости