Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағаты
5 "ә" сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты-оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Оқушылар бейнежазбадан жол ережелері жайлы біліп, айтылган ережелерді пысықтап талқылады. Екінші тапсырма ретінде оқушыларға жолда көлік жүргізушілер жасаған қателіктерді сурет ретінде ұсынылып, кімнің жол жүру ережесін бұзып тұрғанын анықтап, дәлелдеді. Ең соңғы тапсырма топтық жұмыс болды, берілген уақыттың ішінде оқушылар есте сақтап қалған жол жүру белгісінің суретін салу және мағынасын жазды. Оқушылар белсенді түрде барлық кезеңге қатысып, өз білімдерін кеңейтті.