“Ата- әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі” атты тәрбие сағаты
5 “Ә” сыныбында “Ата- әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі” атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына Жанбекова Айжанның Жанбек ата мен Жумакүл әже қонақ ретінде қатысты. Бұндай іс-шараны өткізудің мақсаты - жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.