2023 оқу жылының қыркүйек - қазан айларында оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыластарын арттыру, кәсіптік бағдар беру, өзін - өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар, кеңестер беру мақсатында 9, 11 сынып оқушыларымен мектебіміздің педагог - психологы А.Ж.Сулейменова жылдық жоспары бойынша Е.А. Климовтың "Дифференциалды - диагностикалық сауалнама" әдістемесін жүргізді.Сауалнама " АСППМ " психологиялық педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асты. Сауалнамаға 52 оқушы қатысты.
" Дифференциалды - диагностикалық сауалнама " әдістемесі